Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, Сарыжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыжар ауылдық округі Сарыжар ауылының келесідей көшелері қайта аталсын:
"Степная" көшесі "Тұрар Рысқұлов" көшесіне;
"Тренин" көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне;
"Комсомол" көшесі "Жұмабек Тәшенев" көшесіне;
"Теміржол" көшесі "Талғат Бигелдинов" көшесіне;
"Ойын алаңы" көшесі "Мұстафа Шоқай" көшесіне;
"Северная" көшесі "Махамбет Өтемісұлы" көшесіне.
2. "Мәртөк ауданының Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыжар ауылдық округінің әкімі | С. Жолмаганбетова |