Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Мұғалжар аудандық мәслихатының "Мұғалжар ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 қарашадағы № 119 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген);
2) Мұғалжар аудандық мәслихатының "Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 119 "Мұғалжар ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 375 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6584 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы |
Р. Мусенова |