Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде және Жұрын ауылы халқының пікірін ескере отырып, Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жұрын ауылдық округі Жұрын ауылының келесідей көшелері қайта аталсын:
"Мир" көшесі - "Наурызбек Дүзбаев" көшесіне;
"Клуб" тұйық көшесі - "Диірмен" көшесіне.
2. "Мұғалжар ауданының Жұрын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жұрын ауылдық округінің әкімі | Р. Үргенішбаев |