Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің 03.08.2021 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 2-14-07/85 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Темір ауданы Темір қаласының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Темір қаласының әкімі | А. Куканов |