Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 2-14/06 және № 2-14/07 ұсыныстары негізінде, Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі "Мұрагер" және "Дарханбек" шаруа қожалықтарының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс- шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.
2. Ойыл ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ойыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 134 "Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің "Дарханбек" шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7780 тіркелген, 2020 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2) Ойыл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 137 "Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің "Мұрагер" шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7806 тіркелген, 2020 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округінің әкімі | С. Даулеткалиев |