Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес,Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4482 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Ахажан |