Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Текелі қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Текелі қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 қарашадағы № 19-123 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4406 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының хатшысы | Н. Калиновский |