"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы әкімі | Н. Ертас |
2021 жылғы 5 қазандағы № 472 қаулысына қосымша |
Жамбыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындары
№ | Орналасу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі |
1 | Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр көшесінде орналасқан, "НұрАй" азық-түлік дүкенінің оң жағында | 6 | "НұрАй" азық-түлік дүкені | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 жыл |
2 | Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр көшесінде орналасқан, "НұрАй" азық-түлік дүкенінің сол жағында | 6 | "НұрАй" азық-түлік дүкені | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 жыл |
3 | Ұзынағаш ауылындағы Төле би көшесінде орналасқан, "Жетісу" сауда орталығының сол жағында | 6 | "Жетісу" сауда орталығы | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 жыл |
4 | Ұзынағаш ауылындағы Қарасай батыр көшесінде орналасқан, "Панда фудс" кафесіне қарама-қарсы | 6 | "Азия" азық-түлік дүкені | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 жыл |
5 | Ұзынағаш ауылындағы Сүйінбай көшесінде орналасқан, "Мирас" сауда орталығына қарама-қарсы | 6 | "Күрті" азық-түлік дүкені | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 жыл |