"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жетіген ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетіген ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Жетіген ауылындағы "Виноградная" көшесі "Нұрғиса Тілендиев" көшесіне, "Пер. Октябрьский" көшесі "Ақмешіт" көшесіне, "8ми кв.Дома" көшесі "Алпамыс батыр" көшесіне, "Южная" көшесі "Шәмші Қалдаяқов" көшесіне, "Заводская" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне, "Илийская" көшесі "Іле" көшесіне, "Фин. дома" көшесі "Шәкәрім" көшесіне, "Обручева" көшесі "Бөгенбай батыр" көшесіне, "Жетыгенская" көшесі "Жетіген" көшесіне, "8 марта" көшесі "Наурызым" көшесіне, "Зеленая" көшесі "Ұлы Дала" көшесіне, "Восточная" көшесі "Қожа Ахмет Йассауи" көшесіне, "Строительная" көшесі "Азаттық" көшесіне, "Пер. Солнечная" көшесі "Шұғыла" көшесіне, "Пер. Дачная" көшесі "Қырмызы" көшесіне, "Пер. Казахстанская" көшесі "Қазақстан" көшесіне, "Пер. Дружбы" көшесі "Достық" көшесіне, "Алматинская" көшесі "Алматы" көшесіне;
"Құйған" ауылындағы "Алтайская" көшесі "Алтай" көшесіне, "Каскеленская" көшесі "Қаскелең" көшесіне, "Интернациональная" көшесі "Шапағат" көшесіне, "Октябрьская" көшесі "Ықылас" көшесіне, "Озерная" көшесі "Ақтоған" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Н. Абилев |