"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қырғызсай ауылдық округінің Қырғызсай, Рахат ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қырғызсай ауылының солтүстік-батысындағы бірінші көшесіне "Жаңа талап" атауы берілсін.
2. Рахат ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан екінші көшеге – "Жерұйық", үшінші көшеге – "Ақбұлақ", төртінші көшеге – "Алаш", бесінші көшеге – "Тастақ", жетінші көшеге – "Береке", тоғызыншы көшеге – "Бірлік", оныншы көшеге – "Қара дала";
шығыстан батысқа қарай орналасқан екінші көшеге – "Жиделі" көшесі, төртінші көшеге – "Сарыарқа", бесінші көшеге – "Шұғыла".
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Б. Кокымдиев |