"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабының 3-тармағының 7-1) тармақшасы және 62 бабының 6 тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4401 тіркелген, 2018 жылы 19 қаңтарда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсiн.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 171 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен коррекциялық топтарын қоспағанда) | ||||||
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге) | |||||||
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым | Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым | Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (10,5-сағаттық режимдегі топ) | Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (толық емес күн болатын топтар) | Мектепке дейінгі ұйымдағы санаторлық топтары (10,5-сағаттық режимдегі топ) | Мектепке дейінгі ұйымдағы коррекциялық топтары (10,5-сағаттық режимдегі топ) | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым мен мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (жас ерекшелігіне қарай) | ||
3 жасқа дейін | 3 жастан 7 жасқа дейін | |||||||
1. | 18681 | 45100 | 37527 | 16135 | 55786 | 66779 | 436,75 | 527,94 |