"Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 54 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 2 наурызда № 4904 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №267 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4066 болып тіркелген, 2019 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкісінде жарияланған) қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Мадиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 54 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері

      Жамбыл облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері кен іздеушілік мерзімінің бірінші жылы мен үшінші жылын қоса алғанда 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 210 бабының 2 тармағының 1 абзацында және 274 бабында белгіленген бір гектар үшін операцияларға жұмсалған жылдық ең төменгі шығыстар сомасының 20 % -дық көлемінде төмендегі формуламен анықталады:

      Q = 530 х АЕК х 20 %

      мұндағы:

      Q- кен іздеушілік мерзімінің бірінші жылы мен үшінші жылын қоса алғанда қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК- тиісті қаржылық жылға, республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 24 декабря 2018 года №267 "Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области"

Постановление акимата Жамбылской области от 25 февраля 2021 года № 54. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 2 марта 2021 года № 4904

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Приложение к постановлению акимата Жамбылской области от 24 декабря 2018 года №267 "Об определении размера обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4066, опубликовано 10 января 2019 года в Эталонно-контрольном банке нормативно-правовых актов Республики Казахстан) изложить в новой редакции.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области А. Мадиева.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жамбылской области Б. Сапарбаев

  Приложение к постановлению
акимата Жамбылской области
от 25 февраля 2021 года № 54

Размер обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области

      Размер обеспечения исполнения обязательств недропользователя по ликвидации последствий старательства за один гектар по Жамбылской области с первого по третий год срока старательства включительно определяется в размере 20% от суммы ежегодных минимальных расходов на операции по старательству по одному гектару, установленных в абзаце 1 пункта 2 статьи 210 и статьи 274 Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года "О недрах и недропользовании", по следующей формуле:

      Q = 530 х МРП х 20 %

      где:

      Q - размер обеспечения с первого по третий год срока старательства включительно;

      МРП - месячный расчетный показатель, установленный на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.