"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2020 жылғы 24 - қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көктал ауылы әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көктал ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атау берілсін:
1) Орталық көшесін - Төле би көшесі;
2) Оңтүстік шығыс аумақ (ОША) массивінің 1-ші жаңа көшесін - Әйтеке би көшесі;
3) Оңтүстік шығыс аумақ (ОША) массивінің 2 - ші жаңа көшесін - Дінмұхамед Қонаев көшесі;
4) Оңтүстік шығыс аумақ (ОША) массивінің 3-ші жаңа көшесін - Ұлытау көшесі;
5) Оңтүстік шығыс аумақ (ОША) массивінің 4-ші жаңа көшесін - Алатау көшесі;
6) Оңтүстік шығыс аумақ (ОША) массивінің 5-ші жаңа көшесін - Қаратау көшесі;
7) Саялы массивінің 1-ші жаңа көшесін - Қайнар көшесі;
8) Саялы массивінің 2-ші жаңа көшесін - Тәуелсіздік көшесі;
9) Саялы массивінің 3-ші жаңа көшесін - Қазыбек би көшесі;
10) Саялы массивінің 4-ші жаңа көшесін - Бейбарыс сұлтан көшесі;
11) Саялы массивінің 5-ші жаңа көшесін - Шәмші Қалдаяқов көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Укибаев |