Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қордай аудандық мәслихатының "Қордай ауданында мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №73-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4751 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қордай ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәрітібі мен мөлшерін айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қордай ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәрітібі мен мөлшері айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қордай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Н. Садыков |
Қордай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 16-4 шешімге қосымша |
Қордай ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәрітібі мен мөлшері
1. Осы Қордай ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Қордай ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, ал қандастар үшін қандас куәлігі - жеке басты куәландыратын құжат.
7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің мөлшері әр мүгедек балаға алты айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидалары 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.