Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Меркі ауданының ауылдық елді мекендеріне 2021 жылға жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппаратарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 16.07.2021 № 10-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Рахимбаев |
Меркі аудандық | |
маслихат хатшысы | М. Кокрекбаев |