Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының "Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға,арналған тарифтерін бекіту туралы" 2019 жылғы 30 қазандағы №47-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4388 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Е. Абуталипов |