Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының "Т.Рысқұлов ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 6 маусымдағы № 28-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3883 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Е. Абуталипов |