"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы" Талас аудандық мәслихатының 20 сәуір 2020 жылғы № 71-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4570 болып тіркелген, электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 27 сәуір 2020 жылы жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының 1-тарауының 1 тармағындағы "Мерке ауданы" деген сөздер "Талас ауданы" деген сөздерге ауыстырылсын.
1-тараудың 1 тармағындағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Талас аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ү. Битенова |
Талас аудандық мәслихатының | |
хатшысы | К. Садубаев |