"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Жезқазған қаласының төтенше жағдайларды алдын алу және жою комиссиясының жоспардан тыс отырысының 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 6 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысының Жезқазған қаласында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Жолмұханұлы Төребеков тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | К. Абсаттаров |