Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасыны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теміртау қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Теміртау қаласы және Ақтау кенті бойынша 2021 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы | А. Ломакин |
Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қазандағы № 11/5 шешіміне қосымша |
Теміртау қаласы және Ақтау кенті бойнша 2021 жылғы арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері
№ | Атауы | Пайдалы алаңның 1 м2* ең аз мөлшері үшін 1 айға (теңге) |
1 | Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері | 25,18 |
Ескертулер:
м2 - шаршы метр;
пайдалы алаң - тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы