Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 27/6 "Жер салығының ставкаларын төмендету немесе жоғарылату туралы және салық салу мақсаты үшін Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Теміртау қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы";
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.";
1-1 тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерінен жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.".
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Қалалық мәслихат хатшысы | А. Ломакин |
Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 14/4 Шешіміне 1 қосымша |
Теміртау қаласының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 14/4 Шешіміне 2 қосымша |
Теміртау қаласының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының базалық ставкаларынан жер салығының ставкалары арттыру
№ | Жер көлемі | Аумақ нөмірі | жер салығының ставкалары арттыру % |
1 | I | 1,4,11 | +50 |
2 | II | 5 | +40 |
3 | III | 2 | +35 |
4 | IV | 10 | +20 |
5 | V | 3,6,7 | +15 |
6 | VI | 8 | +10 |
7 | VII | 9 | 0 |
8 | VIII | 12,13 | 0 |