Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Балқаш қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Балқаш қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 18/159 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4719 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |