Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 1469/19 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |