Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Ботақара кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі келесі көшелер қайта аталсын:
1) Юбилейная көшесін Достық көшесі;
2) Молодежная көшесін Бәйтерек көшесі;
3) Механизаторская көшесін Мәншүк Мәметова көшесі;
4) Подгорная көшесін Сарыарқа көшесі;
5) К.Черняев көшесін Жеңіс көшесі;
6) Березюков көшесін Мәшһүр Жүсіп көшесі;
7) Энергетиков көшесін Әлихан Бөкейхан көшесі;
8) 40 лет Казахстана көшесін Жұмабек Тәшенов көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ботақара кентінің әкімі | А. Аяпбергенов |