Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабына, 69-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғалардың өтініштерін қарай келе, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №44/01 "Қауымдық сервитутты белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5826 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 мамырында электрондық түрде, "Жаңаарқа" аудандық газетінің 2020 жылы 16 мамырында №25 (9971) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 1 тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Төлеуовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа ауданының әкімі | Ю. Беккожин |