Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шет аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/142 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4520 болып тіркелген);
2) "Шет ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 26/239 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5098 болып тіркелген);
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Тулеукулов |