"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" № 1054 Қаулысына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 28.10.2021 № 9/78 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Попченко |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сарсембеков |
Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/30 шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 28.10.2021 № 9/78 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Қарыз сомасынан 10%, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 % дейін, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/30 шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 28.10.2021 № 9/78 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
№ | Атауы |
1. | Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары |
2. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
3. | Толық емес отбасылар |