"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласының келесі құрамдас бөліктері:
1) Ақтөбе-1 көшесі "Әбсаттар Жұмадуллаев" есімімен;
2) Ақтөбе-3 көшесі "Нұрмағанбет Әбдреев" есімімен;
3) Болашақ көшесі "Өтетілеу би" есімімен;
4) Елизавета Чайкина көшесі "Асан Қоразбаев" есімімен;
5) Каспий көшесі "Қаһарман Бабағұлов" есімімен;
6) Қаратоғай көшесі "Берке хан" есімімен;
7) Мұнайшы көшесі "Батыр хан Қайыпұлы" есімімен;
8) Саяхат-1 көшесі "Иманғали Сеитов" есімімен;
9) Саяхат-5 көшесі "Базарбек Қашқынбаев" есімімен;
10) Саяхат-6 көшесі "Әбдікәрім Тәжмағамбетов" есімімен;
11) Саяхат-8 көшесі "Шәріпбай Әлназаров" есімімен;
12) Саяхат-9 көшесі "Бибажар Қалымбетова" есімімен;
13) Саяхат-18 көшесі "Меңей батыр" есімімен;
14) Саяхат-20 көшесі "Оспан Оразов" есімімен;
15) Саяхат-21 көшесі "Хамит Әбенов" есімімен;
16) Саяхат-22 көшесі "Серік Шотықов" есімімен;
17) Саяхат-24 көшесі "Мәмбет Аталық" есімімен;
18) Саяхат-25 көшесі "Тәтімбет Бұлғақұлы" есімімен;
19) Саяхат-38 көшесі "Арыстанбай батыр" есімімен;
20) Сәулет-5 көшесі "Әбжан Айсауытов" есімімен;
21) Сәулет-6 көшесі "Ұзақбай Құлымбетов" есімімен;
22) Сәулет-7 көшесі "Серғазы Опалқожаев" есімімен;
23) Сәулет-12 көшесі "Жеңіс Өтемісов" есімімен;
24) Сәулет-14 көшесі "Бекдулла Есенов" есімімен;
25) Сәулет-19 көшесі "Өтежан Жақсыбаев" есімімен;
26) Сәулет-30 көшесі "Сахитжан Бермағамбетов" есімімен;
27) Сәулет-31 көшесі "Бекен Мусаев" есімімен;
28) Әбу Насыр әл-Фараби-13 көшесі "Төлепберген Тобағабыл" есімімен;
29) Тараз көшесі "Әбдуали Спанов" есімімен;
30) Тарас Шевченко көшесі "Үрмәш Түктібаев" есімімен;
31) Шиелі көшесі "Бақыт Мыханов" есімімен;
32) Иван Панфилов тұйық көшесі "Сақып Оңғарбайұлы" есімімен;
33) Қызылжар тұйық көшесі "Дәмеш Жүргенова" есімімен;
34) Сыр сұлуы-1 тұйық көшесі "Шайтұрсын Әбдібаев" есімімен;
35) Сыр сұлуы тұйық көшесі "Омар Тойымбетов" есімімен;
36) Сұлтанмахмұт Торайғыров-2 тұйық көшесі "Сәмет Балғожаев" есімімен;
37) Шымбай тұйық көшесі "Адам Мекебаев" есімімен;
38) Санжар Асфендияров тұйық көшесі "Жақып Қылауыз" есімімен;
39) Саяхат-11 көшесі "Қазақ радиосы" атауымен қайта аталсын.
2. Қызылорда қаласындағы келесі атауы жоқ құрамдас бөліктерге мынадай атаулар:
1) сол жағалаудағы жаңа көпірден бастау алатын атауы жоқ даңғылға "Абылай хан" есімі;
2) сол жағалаудағы "Қызылорда қаласының тарихы музейі" орналасқан атауы жоқ көшеге "Ғафур Мұхамеджанов" есімі;
3) "Бәйтерек" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Пірәлі би" есімі;
4) "Бәйтерек" шағын ауданына параллель жатқан атауы жоқ трассаға "Сыздық Кенесарыұлы" есімі;
5) "Саяхат" шағын ауданы мен Белкөл кенті аралығындағы атауы жоқ трассаға "Келменбет батыр" есімі берілсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 2-сессиясының төрағасы |
Н. Амитов |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Байкадамов |