Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 198 "2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8140 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.";
көрсетілген қаулы мынадай мазмұндағы 1.1.-тармақпен толықтырылсын:
"1.1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 25 тамыздағы № 342 | |
қаулысына 1-қосымша | |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы "4" ақпандағы № 198 | |
қаулысына 1-қосымша |
2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты |
Өлшем | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі |
Субсидия сомасы, |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы | 10000 | 48931 | 489 310 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15000 | 5217 | 78 255 | |
2. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу |
сатып алынған | 150000 | 900 | 135 000 |
3. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
3.1 | Отандық |
сатып алынған | 150000 | 1199 | 179 850 |
3.2 | Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Украина елдерінен импортталған | 225000 | 582 | 130 950 | |
4. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату |
тірідей | 200 | 1261 | 252 200 |
барлығы | 1 265 565 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
5. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | ||||
5.1 | Бір жынысты | сатып алынған доза | 10000 | 2000 | 20 000 |
6 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | ||||
6.1 | Отандық | бас | 200000 | 180 | 36 000 |
барлығы | 56 000 | ||||
7. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
7.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 45 | 7000 | 315 000 |
8. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау |
ағымдағы жылы ұрықтандырыл | 5000 | 2700 | 13 500 |
барлығы | 328 500 | ||||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
9. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу |
сатып алынған | 60 | 22000 | 1 320 |
барлығы | 1 320 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
10. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
10.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы |
бас/ | 4000 | 105000 | 420 000 |
10.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2500 | 94000 | 235 000 | |
11. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу |
сатып алынған | 15000 | 18177 | 272 655 |
12. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу |
бас/ | 10000 | 200 | 2 000 |
13. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | өткізілген бас | 3000 | 9002 | 27 006 |
барлығы | 956 661 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
14. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу |
сатып алынған | 100000 | 20 | 2 000 |
барлығы | 2 000 | ||||
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | |||||
15. | 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы малдарының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | ||||
15.1 | Сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы (600 бастан басталатын) | бас | 60000 | 1200 | 72 000 |
15.2 | Етті және етті-сүтті бағыттағы тауарлық ірі қара малдың аналық басы | 15000 | 62817 | 942 255 | |
15.3 | Қойдың аналық басы | 2500 | 187492 | 468 730 | |
15.4 | Жылқының аналық басы | 10000 | 17227 | 172 270 | |
15.5 | Түйелердің аналық басы | 10000 | 4779 | 47 790 | |
16. | 2020 жылғы ауыл шаруашылығы малдарының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату (күту парағы) | ||||
16.1 | Етті және етті-сүтті бағыттағы тауарлық ірі қара малдың аналық басы | бас | 15000 | 15151 | 227 265 |
16.2 | Қойдың аналық басы | 2500 | 47824,4 | 119 561 | |
16.3 | Жылқының аналық басы | 10000 | 2712 | 27 120 | |
16.4 | Түйелердің аналық басы | 10000 | 261 | 2 610 | |
17. | Ешкілердің асыл тұқымды аналық басын сатып алу |
сатып алынған | 40000 | 100 | 4 000 |
18. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 75 | 4 500 |
19. | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 179,98 | 9 899 |
барлығы | 2 098 000 | ||||
Жиыны | 4 708 046 |
Ескертпе:
Жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды, ірі қара малдың және қойлардың эмбриондарын сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.
Сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 100%-на дейін субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтерден аспайды.
Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/тұқымдық қошқарларды тауарлық табынға/отарға одан әрі жалға беру кезінде өтінім беруші етті мал шаруашылығындағы/қой шаруашылығындағы оператор болып табылады. Аналық мал басына арақатынасты есептеу бір тұқымдық аталыққа (асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтарды қоспағанда) кемінде 13 аналық басты құрайды және 25 аналық мал басынан аспайды.
Асыл тұқымды тұқымдық айғырлар мен тұқымдық түйелерді сатып алу аналық мал басы бар болған кезде субсидияланады. Аналық мал басының арақатынасын есептеу бір тұқымдық аталыққа кемінде 8 аналық басты құрайды және 15 аналықтан аспайды.
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 25 тамыздағы № 342 | |
қаулысына 2-қосымша | |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы "4" ақпандағы № 198 | |
қаулысына 2-қосымша |