Қызылорда қаласы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 17271 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 29 қаңтарда № 8138 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 1282 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 22.10.2021 № 1282 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабының 7, 8, 9) - тармақшаларына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қызылорда қаласы бойынша 2021 жылға пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн, ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн екі пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгiленсiн.

      2. "Қызылорда қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 18 қазандағы № 14460 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 6941 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң эталонды бақылау банкiсiнде 2019 жылғы 25 қазанда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. "Қызылорда қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 14460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 5 ақпандағы № 15043 қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 7240 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердiң эталонды бақылау банкiсiнде 2020 жылғы 13 ақпанда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Налибаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 28 қаңтардағы № 17271
  қаулысына 1-қосымша

2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қызылорда" филиалы

150

4,67

2

"Valiant-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

7,15

3

"Пәтер иелерiнiң "Шапағат кооперативi" тұтыну кооперативi

40

2,5

4

"Қызылорда" Автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

235

2,13

5

"Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

500

2

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 28 қаңтардағы № 17271
  қаулысына 2-қосымша

2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

1

"НефтьПромСнаб" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

6,67

2

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Табиғат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

45

2,23

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
  2021 жылғы 28 қаңтардағы № 17271
  қаулысына 3-қосымша

2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

1

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Табиғат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

45

2,23

2

"НефтьПромСнаб" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

6,67


Об установлении квоты рабочих мест на 2021 год по городу Кызылорда

Постановление акимата города Кызылорда Кызылординской области от 28 января 2021 года № 17271. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 29 января 2021 года № 8138. Утратило силу постановлением акимата города Кызылорда Кызылординской области от 22 октября 2021 года № 1282

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Кызылорда Кызылординской области от 22.10.2021 № 1282 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктами 7, 8, 9) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат города Кызылорды ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест на 2021 год по городу Кызылорда для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы, для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по городу Кызылорда в размере двух процентов согласно приложениям 1, 2 и 3 к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Кызылорды от 18 октября 2019 года № 14460 "Об установлении квоты рабочих мест по городу Кызылорда" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6941, опубликовано 25 октября 2019 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Признать утратившим силу постановление акимата города Кызылорды от 5 февраля 2020 года № 15043 "О внесении изменений в постановление акимата города Кызылорды от 18 октября 2019 года № 14460 "Об установлении квоты рабочих мест по городу Кызылорда" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 7240, опубликовано 13 февраля 2020 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Кызылорды.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким города Кызылорды Н. Налибаев

  Приложение 1 к постановлению
  акимата города Кызылорда
  от 28 января 2021 года № 17271

Квота для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2021 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности
работников

1

Филиал "Енбек-Кызылорда" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Еңбек" учреждений уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

150

4,67

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Valiant-Строй"

70

7,15

3

Потребительский кооператив "Кооператив собственников квартир "Шапагат"

40

2,5

4

Товарищество с ограниченной ответственностью "Автобусный парк "Кызылорда"

235

2,13

5

Товарищество с ограниченной ответственностью "Кызылорда тазалыгы"

500

2

  Приложение 2 к постановлению
  акимата города Кызылорда
  от 28 января 2021 года № 17271

Квота для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2021 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности
работников

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "НефтьПромСнаб"

15

6,67

2

Государственное коммунальное предприятие "Табиғат" на праве хозяйственного ведения управления природных ресурсов и регулирования природопользования Кызылординской области

45

2,23

  Приложение 3 к постановлению
  акимата города Кызылорда
  от 28 января 2021 года № 17271

Квота для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2021 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности
работников

1

Государственное коммунальное предприятие "Табиғат" на праве хозяйственного ведения управления природных ресурсов и регулирования природопользования Кызылординской области

45

2,23

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "НефтьПромСнаб"

15

6,67