Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 9399 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қызылорда қаласы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6021 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Г. Казантаев |