"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазалы ауданының елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" бірлескен Қазалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 274 қаулысына және Қазалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 қарашадағы № 62 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5655 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2016 жылы 9 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | К. Назымбеков |
Қазалы аудандық мәслихатының кезектi ІІ сессиясының төрағасы | Ж. КОЛАНОВА |
Қазалы ауданындық мәслихат хатшысы | Б. ЖАРЫЛҚАП |
Қазалы ауданының елді мекендерінің жерлерінің экспликациясы
№ | Жерлердің атауы | Жалпы көлемі (гектар) | оның ішінде(гектар): | |||||||
ауыл шаруашылығы алқаптары | орман көмкерген | Құрылысқа арналған жер учаскесі | Бақша жерлері | Басқа да жерлер | ||||||
егістік | көп жылдық екпелер | тыңайған жер | жайылымдар | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы | 1756 | 17 | - | - | 892 | - | - | 32 | 815 |
2 | Ғ.Мұратбаев ауылдық округі, Ғ.Мұратбаев ауылы | 4401 | 69 | - | 40 | 3065 | - | - | 60 | 1167 |
3 | Алға ауылдық округі,Ү.Түктібаев ауылы | 7346 | 70 | - | - | 5201 | - | - | 50 | 2025 |
4 | Майдакөл ауылдық округі, Бекарыстан би ауылы | 10568 | 70 | - | 100 | 6876 | - | - | 147 | 3375 |
5 | Ақжона ауылдық округі, Майдакөл ауылы | 4293 | 55 | - | - | 2840 | - | - | - | 1398 |