"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2021-2023 жылдарға арналған Алға ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 546 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7968 нөмірімен тіркелген, 2021 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2021-2023 жылдарға арналған Алға ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 62943 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2316 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 60627 мың теңге;
2) шығындар – 63832 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -889 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 889 мың теңге.".
2-тармақ жаңа мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) әкім аппараты қызметін қамтамасыз ету шығындарына 200 мың теңге.".
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясының төрағасы |
А. ОРЫМБАЕВ |
Қазалы ауданындық мәслихат хатшысы |
Б. ЖАРЫЛҚАП |
Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 27 шешіміне қосымша | |
Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы "25" желтоқсандағы № 546 шешіміне 1-қосымша |
2021 жылға арналған Алға ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | |||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
Атауы | ||||
1. Кірістер | 62943 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 2316 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 2316 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 21 | ||
3 | Жер салығы | 169 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 2126 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 60627 | ||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 60627 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 60627 | ||
Функционалдық топ | ||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi | ||||
Бағдарлама | ||||
Атауы | ||||
2. Шығындар | 63832 | |||
1 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 23354 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 23354 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 22667 | ||
022 | Мемлекеттік мекемменің күрделі шығыстары | 687 | ||
7 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 22517 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 22517 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 20500 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 525 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 1492 | ||
8 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 17961 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 17961 | ||
006 | Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 17961 | ||
3. Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4. Қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатыпалу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) | -889 | |||
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 889 | |||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 889 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 889 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 889 |