"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармағына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылындағы "Жанқожа батыр" көшесінің сол беткейі "Аралбай Бохаев" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірлік ауылдық округінің әкімі | Ө. Өтеп-Әлі |