Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшаға сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданы мәслихаты хатшысының уақытша міндетін атқарушы | М. Балкожаев |
Жаңақорған аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 29 қарашадағы | |
№ 116 шешіміне қосымша |
Жаңақорған аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Жаңақорған аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қарашадағы № 05-16/167 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6053 нөмірімен тіркелген, 2017 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2. Жаңақорған аудандық мәслихатының "Жаңақорған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 335 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6778 нөмірімен тіркелген, 2019 жылдың 8 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. Жаңақорған аудандық мәслихатының "Жаңақорған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2019 жылғы 29 қарашадағы № 381 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7004 нөмірімен тіркелген, 2019 жылдың 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).