"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сырдария аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6068 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сырдария аудандық мәслихат хатшысы | Е. Әжікенов |