Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шиелі аудандық мәслихаттың "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 7 қарашадағы №15/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6035 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жағыпбаров |