"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округі, Байсын ауылының келесі көшелеріне:
1) кіре беріс бөлікте орналасқан атауы жоқ №2 көшеге "Ахмет Қазыбаев" есімі;
2) №6 және №7 кварталдар аралығында орналасқан атауы жоқ көшеге "Таңсықбай Нәлібаев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі | Б. Шакиртаев |