Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Жаңаөзен-Жетыбай-Ақтау" магистральдық газ құбырының желілік бөлігін пайдалану үшін Маңғыстау облысының Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Қарақия, Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы көлемі 151,9568 гектар жер учаскелеріне "ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамына жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов):
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 23 ақпандағы | |
№ 46 қаулысына қосымша |
"Жаңаөзен-Жетыбай-Ақтау" магистральды газ құбырын пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің көлемі
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық сервитутпен белгіленген жерлер, гектар | Жер санаты |
1 | Ақтау қаласы | 0,0848 | Елді мекендердің жерлері |
0,0859 | |||
0,0759 | |||
2 | Жаңаөзен қаласы | 0,3239 | |
3,876 | |||
4,6843 | |||
0,1528 | |||
10,7386 | |||
0,3637 | |||
6,5419 | |||
0,1082 | |||
3 | Мұнайлы ауданы | 8,0552 | Босалқы жерлер |
8,0574 | |||
7,9369 | |||
4,5911 | |||
4,5456 | |||
4,5953 | |||
5,2184 | Елді мекендердің жерлері | ||
5,2511 | |||
5,2402 | |||
4 | Қарақия ауданы | 6,7932 | |
1,3504 | |||
6,6769 | |||
1,3558 | |||
6,5234 | |||
0,9413 | |||
0,3110 | |||
0,3929 | |||
12,0206 | Босалқы жерлер | ||
12,0252 | |||
12,0204 | |||
5 | Маңғыстау ауданы | 3,6957 | |
3,6646 | |||
3,6582 | |||
Барлығы | 151,9568 |