Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы № 11/99 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24935 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23 қазандағы 2023 жылғы № 7/71 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 7/71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      ШЕШТІ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3464 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қоса беріліп отырған Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы К. Мансуров

  2021 жылғы 12 қазандағы
  № 11/99
  Мәслихаттың шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың 2017 жылғы
  30 қазандағы № 18/145
  шешімімен бекітілген

Бейнеу ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бейнеу ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасы (бұдан әрi - Қағида) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган - "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2 тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы:

      барлық топтағы мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      еңбек ардагерлеріне - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, атап айтқанда:

      бұрынғы Кеңестер Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің; басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің отбасылары;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      екінші рет некеге тұрмаған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың жұбайына (зайыбына) - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      1979 жылғы 1 желтоқсаннан 1989 жылғы желтоқсанды қоса алған кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      4) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      барлық топтағы мүгедектерге, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балаларға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш;

      7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет

      және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) уәкілетті ұйымнан әлеуметтік төлем алмайтын, әлеуметтік маңызды аурулары бар: қатерлі ісіктері бар, туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табыстарын есепке алмай 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жартыжылдықта 1 рет;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға, табыстарын есепке алмай 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;

      3) өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің еселік шамасы 1,5-нан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдарға, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, тоқсан сайын;

      4) адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға, Қазақстан Республикасы бойынша 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, ай сайын;

      5) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын: бала кезінен мүгедектер, жетімдер, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы, жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған жағдайда, студенттерге 125 (бір жүз жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жартыжылдықта 1 рет.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      12. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы ауданның шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

3. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

О внесении изменений и дополнения в решение Бейнеуского районного маслихата от 30 октября 2017 года № 18/145 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе"

Решение Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 12 октября 2021 года № 11/99. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 октября 2021 года № 24935. Утратило силу решением Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 23 октября 2023 года № 7/71.

      Сноска. Утратило силу решением Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 23.10.2023 № 7/71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бейнеуского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе" от 30 октября 2017 года № 18/145 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3464) следующее изменение:

      прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Бейнеуского районного маслихата К. Мансуров

  Приложение к решению маслихата
  от 12 октября 2021 года
  № 11/99
  Утверждены решением
  маслихата от 30 октября
  2017 года № 18/145

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бейнеуском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемый республиканским государственным учреждением "Департамент Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по Мангистауской области";

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган - государственное учреждение "Бейнеуский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния";

      8) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решениями акима села, сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;

      9) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом (далее – МИО) в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели социальной помощи) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).

      5. Социальная помощь назначается лицам, указанным в статье 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок оказания социальной помощи, определения перечня отдельных категорий нуждающихся получателей и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно следующим категориям граждан:

      1) 21-23 марта – Наурыз мейрамы:

      инвалидам всех групп, детям-инвалидам с шестнадцати до восемнадцати лет всех групп, детям-инвалидам до шестнадцати лет – 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      2) 1 мая – Праздник единства народа Казахстана:

      лицам, из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии – 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      3) 9 мая – День Победы:

      ветеранам Великой Отечественной войны – 1 000 000 (один миллион) тенге;

      лицам, приравненным по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны - 60 (шестьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, приравненным по льготам к участникам Великой Отечественной войны - 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      ветеранам труда - 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      семьям погибших военнослужащих, а именно:

      семьи военнослужащих, партизан, подпольщиков, ветеранов Великой Отечественной войны, ветеранов боевых действий на территории других государств, ветеранов, приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союз ССР), исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей) или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте;

      семьи погибших в Великой Отечественной войне лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьи погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда;

      семьи военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями;

      семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия;

      семьи военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время;

      семьи лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения;

      семьи умерших вследствие лучевой болезни или умерших инвалидов, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний - 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      не вступившей (не вступившему) в повторный брак супруге (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лиц, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных) - 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия - 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившиеся на территории Афганистана и не входившие в состав ограниченного контингента советских войск- 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      4) 16 декабря - День Независимости:

      ветеранам боевых действий на территории других государств - 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      инвалидам всех групп, детям-инвалидам с шестнадцати до восемнадцати лет всех групп, детям-инвалидам до шестнадцати лет – 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      7. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан оказывается единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие) следующим категориям граждан:

      1) лицам, имеющим социально-значимые заболевания, не получающих социальные выплаты из уполномоченной организации, без учета доходов: со злокачественными новообразованиями; состоящим на диспансерном учете с заболеванием туберкулез; заразившимся вирусом иммунодефицита человека, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей, 1 раз в полугодие;

      2) лицам, пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей, единовременно;

      3) лицам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации - имеющих среднедушевой доход ниже 1,5 кратной величины прожиточного минимума по Мангистауской области, предшествующий кварталу обращения, в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей, ежеквартально;

      4) детям, заразившимся вирусом иммунодефицита человека, в размере 2 (двух) прожиточных минимумов по Республике Казахстан, ежемесячно;

      5) студентам высших учебных заведении Республики Казахстан, из числа: инвалидов с детства, сирот, детей, оставшимся без попечения родителей (родителя) обучающимся по очной форме обучения, при наличии среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму, в размере 125 (сто двадцать пять) месячных расчетных показателей, 1 раз в полугодие.

      8. Порядок оказания социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      9. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому МИО по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      10. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на текущий финансовый год.

      11. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

      12. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы района;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      13. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 3. Заключительное положение

      14. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".