Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 05-10-1452 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 13 "Түпқараған ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3527 болып тіркелген, 2018 жылы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі 1 және 3 тармақтарына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтіндері өзгермейді.
2. "Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д. Утебалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі | А. Косуаков |