Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9849 болып тіркелген Қостанай облысы әкімдігінің "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 164 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге, оны кем дегенде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен бекітілсін:
1) тауық жұмыртқасы (I санат) – ондық үшін 350 теңге;
2) күнбағыс майы – литр үшін 601 теңге.".
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |