Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41, 42, 43, 44-шы жолдармен толықтырылсын:
"
41 | Қостанай – Жітіқара – Қостанай (ауданаралық (қалааралық облысішілік)) |
42 | Жітіқара – Қостанай – Жітіқара (ауданаралық (қалааралық облысішілік)) |
43 | Қостанай – Жітіқара – Қамысты - Жітіқара – Қостанай (ауданаралық (қалааралық облысішілік)) |
44 | Лесное – Славенка – Қостанай – Славенка – Лесное (ауданаралық (қалааралық облысішілік)) |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |