Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Арқалық қаласы Аңғар ауылы әкімінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 3 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8559 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Арқалық қаласы Аңғар ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жариялағанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласы Аңғар ауылының әкімі | М. Жарасбаев |