"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаков қаласындағы салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2021 жылғы 26 шілдедегі № 247 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23796 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |