"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысы Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 қарашадағы № 152 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7410 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Койшибаев |