Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.
2. Денисов аудандық мәслихатының мынадай:
1) "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы" 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 239, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8195 болып тіркелген;
2) "Мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 239 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 5 мамырдағы № 29, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9172 болып тіркелген шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы, Денисов аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мурзабаев |