"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 қарашадағы № 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7400 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы | С. Нургазин |