2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан-Актөбе облысы" (әуе желісі - 500 киловольт Жітіқара - Өлке) объектісі бойынша өңіраралық электр таратудың желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,2 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі | Т. Рамазанов |