"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарасу аудандық мәслихаттың "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 182 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7435 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы | С. Кажиев |